22.07.2019, 9:18
Оқылды: 337

Сырымда шағын футболдан облыстық ашық турнир өтті

«Nur Otan» партиясының Сырым аудандық филиалы, аудандық аурухана және «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен партияның 20 жылдығына арналған шағын футболдан медицина қызметкерлерінің арасында партия кубогі үшін облыстық ашық турнир өтті.

futboll (2)

Турнирдің ашылу салтанатында «Nur Otan» партиясының Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев пен аудандық орталықтандырылған аурухана директоры Роза Тахамбетовалар сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

futboll (3)

Турнирге сырымдықтардан бөлек Ақжайық, Қаратөбе аудандарының, Орал қаласының аяқдопшылары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша, Ақжайық аудандық ауруханасының аяқдопшылары І орынды жеңіп алса, қаратөбеліктер ІІ орынды еншіледі, ал облыстық жедел жәрдем стансасының №1 командасы ІІІ орынды иемденіп, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

futboll (4)

futboll (5)

futboll (6)

futboll (1)

                            Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале