24.12.2018, 10:19
Оқылды: 25

Сырымдық дәстүрлі әнші «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттталды

М.Құлжабайұлы атындағы аймақтық ән фестивалінің лауреаты, сырымдық дәстүрлі әнші Мұхамбет Мамықов өнер және мәдениет саласындағы қызметі үшін ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

IMG_2234

         Мұхамбет Мамықов тек Сырым ауданына ғана емес, жалпы республикаға Батыстағы дәстүрлі ән мектебінің өкілі ретінде белгілі. Ол Мұхит Мералыұлы, Ғарифолла Құрманғалиев секілді қазақ ән өнерінің алыптарының шығармашылығын насихаттауға үлес қосып келеді.

Министрліктің марапатынан кейін, Мұхамбет Мамықов жуырда қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының шешімімен «Еңбек даңқы» төсбелгісіне  ие болды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале