30.11.2021, 12:00
Оқылды: 126

Тәуелсіздік тойына арналған жарыс

Бәйтерек ауданы Махамбет ауылында волейболдан аудандық турнир өтті. Соңғы жылдары аудан көлемінде кеңінен қанат жайып келе жатқан әуе доп жарыстары көп өтетін болды. Ойыншылардың деңгейі өсіп келе жатқанын да байқау қиын емес.

24

Ауыл жастарын спортқа баулып, жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізіп, бұқаралық спорттың кең қанат жаюына сеп болу мақсатында оздырылған жарысқа аудан округтерінен келген үздік ұжымдар қатысты.

Елбасы күні мерекесі мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған бәсеке тартысқа толы болды. Әсіресе Переметный, Зеленый, Мичурин, Погодаев және Асан ауылдарының командалары көрерменді үздік ойынымен таң-тамаша етті.

23

Қызықты ойындар қорытындысында үшінші орын Погодаев, екінші орынды Переметный ойыншылары иеленсе, қарсыластарының барлығын шаң қаптырған мичуриндік волейболшылар турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ үздік өнер көрсеткен Асхат Салхаев «Үздік байланыстырушы», Ағабай Қазиев «Үздік қорғаушы», Асланбек Салимжанов «Үздік ойыншы» атағына қол жеткізді.

22

Көрерменге волейбол мерекесін сыйлап, ауылды думанға бөлеген жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлері және үздік ойыншыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале