15.11.2021, 10:46
Оқылды: 75

«Тәуелсіздікке тарту» атты концерт ұйымдастырылды

Жуырда Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде Ардақ және Ақтау ауылдық округі көркемөнерпаздарының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» атты концерт ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2021-11-15 at 10.35.26

Көрермендер алдымен көгілдір экраннан осы округтердің жетістіктерін насихаттаған бейнебаянды тамашалады. Концерттік бағдарламада әннен шашу шашып, домбыра шанағынан күмбірлеген күй төгілткен өнерпаздардың өнері жұртшылықты бір серпілтіп тастады.

WhatsApp Image 2021-11-15 at 10.35.29

Қос округтен келген өнерпаздар Николай Барабаш пен Аружан Қажымұқан, Кенжетай Даулетьяров, Сәния Жанғалиева, Мереке Сабиров, Әсия Ысқақова мен Оразхан Абдукалимов және басқаларының өнерлеріне көрермендер қошеметпен қол соқты.

Бұл күні «Еркем-ай» бишілер тобының  қыздары да тыңғылықты әзірліктерін көрсете алды.

WhatsApp Image 2021-11-15 at 10.35.27

WhatsApp Image 2021-11-15 at 10.35.28

Концерт соңында Шыңғырлау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Сәмиев қос округ көркемөнерпаздарына тамаша концерттік бағдарламалары үшін ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың атынан Алғыс хат табыс етті.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале