3.01.2019, 11:26
Оқылды: 21

Теректіде 16 отбасы баспаналы болды

Теректі ауданы Федоров ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сап түзеген үйлердің әр қайсының құны – 9,1 млн. теңге. Жалдамалы негізде пайдалануға берілетін әр үй үшін төленетін айлық ақы 8 мың теңге. Көгілдір отынға, таза су құбыры мен электр көзіне қосылған әр үйдің ішінде тіршілікке жайлы жағдай жасалған.

terekti ui (3)

         Халық алдына шығып, құттықтау лебізін білдірген аудан әкімі Әділ Жоламанов кезекпен үй кілттерін табыс етті.

         Басы 2000 жылы, кейінгілері 5-6 жыл бұрын үй кезегіне тұрған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрғын үйі апаттық деп танылған азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, басқа да бюджеттік ұйымдар мен әскери қызметкерлер – барлығы 16 отбасы үйлі болды.

         16 үйдің біреуіне ие болған Тілеп Ниетқалиевтің шаңырағына бас сұққан аудан әкімі, мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев бастаған топ тілегін айтып, сыйлық ұсынды.

WhatsApp Image 2019-01-02 at 20.20.31 WhatsApp Image 2019-01-02 at 20.20.32 WhatsApp Image 2019-01-02 at 20.20.33 (1) WhatsApp Image 2019-01-02 at 20.20.33 WhatsApp Image 2019-01-02 at 20.20.34 (1) WhatsApp Image 2019-01-02 at 20.20.34

 Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале