3.01.2019, 15:41
Оқылды: 22

Теректіде отбасылар сайысы өтті

Теректі аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде «Әкем, анам және мен, спортшымыз шетінен» сайысы өтті.

11

         Бес кезеңнен тұрған бәсекеге бес отбасы қатысты. Алдымен отбасылар өздерін таныстырып, ұрандарын жатқа айтса, одан кейін арнайы дайындалған кедергілерден доппен өтіп шықты. Құралайды көзге атқан мергендер де анықталды. Қапшық киіп жүгірген қатысушылар жылдамдықтарын тексеріп көрді.

         Қазылар алқасы мен төрешілердің шешімі бойынша отбасылар бәсекесінің І орыны Мурзағалиевтер жанұясы лайық деп танылды. Ал жарыстың екінші орнын Қабиевтер жанұясы жеңіп алса, Жұмағазиевтер жанұясы үздік үштікті түйіндеді.

         Жеңімпаздар мен қатысушылардың барлығына жеке кәсіпкер Нұрберген Хасановтың атынан бағалы сыйлық және Алғыс хат табысталды.

1

 

Әділет Зере,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале