2.08.2019, 9:14
Оқылды: 372

Теректіде үш ауылға спорттық кешен салынады  

Ауданға жұмыс сапарымен ҚР Олимпиада комитетінің өкілі  Бақытбек Хамитов келді. Құрметті қонақты аудан әкімінің орынбасарлары Қуаныш Шарафутдин және Махамбет Батырғалиев қарсылап, аудандағы бұқаралық спорттың жағдайымен таныстырды. Аудан орталығындағы спорттық нысандарды аралаған Олимпиада комитетінің өкілі жас спортшылармен де тілдесті.

Terekta FOK (2)

-Алдағы бес жылда Подстепный, Шаған және Ақжайық ауылдық округтерінде дене шынықтыру және сауықтыру кешендері бой көтереді. Бұл - жоспарға енген жұмыстар. Осы ауылдардың халқы аудан әкімінің есептік кездесулерінде спорттық кешеннің жоқтығын әрдайым айтып келеді. Халықтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін барлық жағдайды жасауға әзірміз,-деді аудан әкімі орынбасары Қуаныш Шарафутдин.

Terekta FOK (3)

Бақытбек Хамитов қос орынбасардан аудандағы атқарылып жатырған жұмыстардың біразын естіп, дене шынықтыру және сауықтыру кешенін, орталық стадион және балалар және жасөспірімдер спорт мектебін көзбен көрді.

Terekta FOK (1)

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале