11.06.2021, 11:31
Оқылды: 71

Жаңақала ауданында ахуал тұрақты

Жаңақала ауданында «Covid-19» инфекциясына қарсы мамыр айының бесінен бастап «Hayat-Vax» вакцинасы және жуырда келген отандық «QazVac» вакцинасымен екпе жұмыстары басталды.

84A46AC3-DDFC-463E-8209-53EA04B8F9D2

Қазіргі таңда екпе науқаны әлі де жалғасуда. Аудандық эпидемиолог маман Хасиет Нариманұлының айтуынша, қазіргі таңда ауданымызда вакцинациялау қарқыны төмен. Себебі, 24 мыңға жуық халқы бар ауданда күні бүгінге дейін аудан бойынша вакцинамен І кезеңін жалпы 1719 адам («Спутник V» - 1456, «Hayat-Vax» - 258, «QazVac» - 5), ІІ кезеңін 727 («Спутник V» - 707, «Hayat-Vax» - 20) егілген.

- Ауданымызда жыл басынан бері коронавирустық инфекциясын жұқтырған 121 адам тіркелген. Оның  үшеуі үй карантинінде, ал үш науқас стационарда емделіп жатыр. Екі науқас Орал қаласында, бір науқас Ақжайық аудандық ауруханасында ем алуда. Жалпы қазір ауданда ахуал тұрақты деп айтуға болады, - деді аудандық аурухана директорының медицина жөніндегі орынбасары және анестизиолог-реаниматолог маман Дәурен Көкенов.

Айта кетейік, «Hayat-Vax» вакцинасы – бұл белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина. Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық өндірісінде шығарылған. Қазіргі таңда бұл вакцинаның әлемде 10 миллионнан астам дозасы қолданылған. «Hayat-Vax» вакцинасы басқа инактивацияланған вакциналар сияқты +2 С-ден +8 С-ге дейінгі температурада сақталады. Бұл вакцинаның толық курсы 2-4 апта интервалы бар 2 дозадан тұрады.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале