18.05.2023, 22:20
Оқылды: 22

Жаңақалада ардагер ұстаздардың кеңесі өтті

Бүгін Жаңақала мектеп-гимназиясында «Ардагерлер ұйымы – өнеге бастауы» тақырыбында ардагерлер ұйымының мүшелерімен кездесу өтті.

862FD058-5EBE-4F1F-8B2C-F3D2CC68EB40

Ардагерлер ұйымының қоғамдық бірлестігі 2017 жылы құрылып, құрамына әрбір білім беру ұйымынан бір ардагерден ұсынылған. Жыл сайын ұйымның жылдық жұмыс жоспары жасақталып, іс-шаралар жоспарлы түрде өтіп келеді.

Қазіргі уақытта ұйымның құрамында 200-ден астам ардагер ұстаз бар. Ардагерлер кеңесі қызметінің негізгі басты назар аударып, көңіл бөлер тұсы – жастар тәрбиесі.

Ұйымның төрайымы Рая Қайратқызы алдағы атқарар жұмыс жоспарларының ауқымды екенін айтып, бүгінгі күнгі басты мәселелерге тоқталып өтті.

Рая Жұмагалиева

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале