2.03.2023, 18:38
Оқылды: 23

Жаңақалалық Ақжайна «Шәкәрім оқуларының» жүлдегері атанды

Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен республика көлемінде жас оқырмандар мен оқушылар арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті.

052DF604-CC91-4CF7-9E8D-AACAD410618D

Аталған сайысқа жерлесіміз, Көпжасар ауылдық округіндегі Д.Нұрпейісова атындағы мектептің 6-сынып оқушысы Ақжайна Амангелді қатысып, сайыстың І кезеңі аудандық байқаудан сүрінбей өтіп, облыстық байқауға жолдама алған еді.

DA8E35F9-0F71-4F78-AB24-5D8D166D59AD

Аудандық орталықтандырылған кітапханаға қарасты Көпжасар ауылдық модельді кітапханасының кішкентай оқырманын ауылдың «Жас талант» көркем сөз оқу үйірмесінің жетекшісі Назерке Нуханова сайысқа сақадай сай етіп дайындады.

Нәтижесінде ұлы ойшыл Шәкәрімнің 20 өлеңін жаттап, облыстық сынға түскен жас оқырман ереже талаптарына сай жүлдегер атанып, ІІІ орынға ие болды.

Нұргүл Елтайқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале