Жәнібек ауданындағы кәсіпкерлік нысандардың қатары тағы бір жаңа нысанмен тллықты. Бүгін аудан орталығында тұрғындарға жайлы демалыс пен сапалы қызмет ұсынатын «Асем» ресторан-бары өз есігін айқара ашты.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов арнайы қатысып, кәсіп иелерін айтулы қуанышпен құттықтады.
– Кәсіпкерлік – аудан экономикасының дамуына серпін беретін маңызды бағыттардың бірі. Бүгінгі жаңа нысан тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, ауданымыздағы кәсіпкерлік бастамалардың дамуына да өз үлесін қосады деп сенеміз. Жаңа істеріңізге береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деген ол мейрамхана иесіне ақжолтай ниетпен қамшы табыстап, жаңа кәсіптің берекелі болуына тілектестік білдірді.

«Асем» ресторан-барының иелері – Ержан Сәрсенов пен жұбайы Алина Сәрсенова. Кәсіп иелері 80 адамға арналған жаңа нысанды аудан тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастырып, қуанышты күндерін бірге бөлісетін жайлы орынға айналдырулды көздейді. Мұнда туған күн, тұсаукесер, мерейтой секілді отбасылық мерекелерді, сондай-ақ шағын басқосулар мен ақжолтай қуаныштарды атап өтуге барлық мүмкіндік қарастырылған.
Арай Сейфолла,
Жәнібек ауданы