28.12.2018, 16:37
Оқылды: 41

Жәнібек ауданының әкімі фестиваль жеңімпазын қабылдады

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев биыл облыста тұңғыш рет ұйымдастырылған «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің жеңімпазы Т.Жароков атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Жанаргүл Серік пен оның жетекшісі, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бибинұр Сүйінішәлиеваны қабылдады.

IMG_0004

Қабылдау барысында аудандық «Шұғыла» газетінің жауапты хатшысы Асқар Құсайынов фестивальді ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жазуға қабілеті, талабы мен таланты бар оқушыларды журналистика мамандығына тарту, оларға бағыт-бағдар беру, жол сілтеу, сол арқылы өңірімізге қажетті кадр дайындау екендігін атап өтті. Сонымен қатар жас тілшілер фестиваліне ауданымыздан қатысқан Жанаргүл Серіктің «Шалқар» радиосының» жүлдесіне, Ғ.Сарыбаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Бекназар Берікқалидың республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің Оралхан Бөкей атындағы арнайы жүлдесіне ие болғанын мақтанышпен айтып берді. Қабылдау барысында «Өрімталға» оқушыларды бастап барған жетекші Бибинұр Қасымқызы фестиваль хақындағы ой-пікірімен бөлісті.

Емен-жарқын өткен қабылдау соңында аудан басшысы Азамат Сафималиұлы Бибинұр Сүйінішәлиева мен Жанаргүл Серікке шығармашылық шабыт, қызметте табысты, оқуда озат болуларына тілектестігін білдіріп, алғысхат пен құттықтау хат және бағалы сыйлық табыс етті.

IMG_0005 IMG_0008

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале