Орал қаласындағы «Nur-Er» ат спорты туристік орталығында аударыспақтан 2005-2007 жылы туған жастар мен 2008-2010 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Жәнібек ауданындағы ат құлағында ойнайтын жас спортшылар қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
Жасөсіпірімдер арасында 42 келі салмақта Аян Рафхат І орын, Нұрлысәт Бақтығали ІІ орын алса, 48 келіде І орын Рамазан Бақтығалиға, ІІ орын Мират Кенжебекұлына берілді. 54 келіде Ерасыл Болат екінші орынға тұрақтады. 59 келі салмақта Нұрғазы Жайлыбай қола жүлдеге ие болды. 63 келі салмақ дәрежесінде І, ІІ, ІІІ орындарды тиісінше Ақниет Бақтығали, Нұртас Біләл мен Дәурен Өрболатұлы өзара бөлісіп алды. 68 келіде Дияс Рысалы І орын, Елжас Қабылқайыр ІІІ орындарды иеленді. 74 келі салмақта Жайдар Нұраш алтынға қол жеткізсе, Қазекеш Қабылқайыр мен Бекарыс Жасталап қоланы місе тұтты. +80 келіде Рахман Ақылбек жүлделі бірінші алды.
2005-2007 жылы туған жастар арасында 57 келіде Марсель Мұталиев күміс алса, 62 келі салмақта Ерасыл Қайыржанов алтынға қол жеткізді. 68 келіде Ерсұлтан Шафхатов ІІ орыннан көрінсе, 82 келі салмақта Наурызбек Өксікбай І орынды алды. 87 келі салмақ дәрежесінде Жанайдар Жайлыбай бірінші орын алып, чемпион атанды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы