2.11.2023, 15:15
Оқылды: 31

Жастар Тасқалада не үшін бас қосты?

Тасқала ауданында облысымызға танымал білікті жастармен кездесіп, пікір алмасу, жастар арасындағы достықты, кәсіби біліктілікті дәріптеу мақсатымен «Жаңа Қазақстанның заманауи жастары» атты рухани-патриоттық жастар форумы өтті.

IMG_9686

Басқосуға аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауедин, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жиенбай Наурызбайұлы, БҚО қоғамдық даму басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлімі басшысы Мирфат Талғатұлы, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ БҚОФ төрағасы Архат Исламғали, «БҚО ҚХА жастары» РҚБ төрағасының орынбасары Зарина Алиева, «Менің арманым» КФ-ның БҚОФ төрағасы, «Дәулеттен қоры» БҚОФ төрағасы Мұса Күнеев және аудан жастары қатысты.

Шараны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

 – Құрметті жастар, қонақтар, бәріңіз де қош келдіңіздер! Сіздер – ел болашағысыздар. Форумда жақсы әңгіме айтылып, өзіңізге ой түйіп, осы жерден жақсы бір қорытынды шығарады деген ойдамын. Қандай да бір ұсынысыңыз бар болса, барлығын ортаға сала отырыңыздар. Жақсы идеялар болса, жастар бәсекелестігі артады. Жастар бәсекеге дайын болуы қажет. Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек. Жиынға жас болса да, өз ісінің маманы, облысқа, республикаға танымал азаматтарды шақырып отырмыз. Олар өз тәжірибесі және ойын бөлісіп, санаға түйіп алатындай әңгіме өрбітеді деп сенеміз, – деді жиынды ашқан Аян Халауедин.

IMG_9725

Форумға келген қонақтар көптеген өзекті мәселеге тоқталып, ойын ортаға салды. Жаңа әрі тың жобалар ұсынылып, қыз-жігіттер еркін пікір алмасты. Басқосу соңында Аян Халауединұлы ризашылығын білдірді. Шара соңында келген қонақтарға алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале