29.06.2026, 13:00
Оқылды: 15

1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлады.

WhatsApp Image 2026-06-29 at 12.44.12

Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан Орал қаласының №1 ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Сонымен қатар, Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы Орал қаласының №2 ХҚКО кезекші кесте бойынша жұмыс істеді: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні – сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Ал, Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайындағы кезекші мамандандырылған ХҚКО жұмысы өзгеріссіз қалады: дүйсенбіден жұмаға дейін қызмет көрсету – сағат 18:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – сағат 20:00-ге дейін, сенбі күні қызмет көрсету – сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру – сағат 13:00-ге дейін.

Тұрғындарға ХҚКО-ға баруды жоспарлау кезінде аталған өзгерістерді ескеру ұсынылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале