26.08.2015, 18:18
Оқылды: 28

Жарықтың қарызы қордалануда

lampochkaҚР Президенті Н.Назарбаевтың "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 50-ші қадамы электр энергетикасы саласын қайтадан құру, «бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу жайында. Мұнда өңірлер арасындағы электр энергиясының әр түрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік беретіндігі атап айтылған.

«Батысэнергоресурсы» ЖШС-нің Жаңақала аудандық бөлімінің жетекшісі Қанат Оразалиевтің айтуынша, соңғы кезде ауданда электр қуатын пайдаланушылар арасында жарықты пайдаланғаны үшін төлемдерін уақытында төлемейтіндер көптеп кездеседі. Оның ішінде 2-3 ай бойы төлемесе, жанұясына берілетін лимиттен асып кететінін, егер қаралған лимиттен асқан жағдайда 11 теңге 02 тиын болатынын біле тұра, ұрыс-керіс шығарып, кінәні өздерінен емес, мекеме қызметкерлерінен көретіндері бар. «500 немесе 1000 теңгеде тұрған не бар, көбейген соң төлеймін» дейтін тұтынушылар жиі кездеседі екен.

Осылайша әр ауылдан 20-25 адамнан болып, олар 3-4 ай бойы төлемейтін болса, онда қарыз қордаланып қалатын түрі бар. Сондықтан тұрғындар арасында бірқатар түсінік жұмыстары жүргізіліп, аудандық газетке де жарияланды. «Ендігісін уақыт көрсетеді» дейді аталмыш мекеме қызметкерлері.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале