13.07.2015, 19:05
Оқылды: 24

Жәнібек ауданы әкімі тұрғындарды қабылдады

Janibek akimi kabildau   Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Мұқаев тұрғындарды қабылдады. Қабылдау кезінде жұмыс мәселесі бойынша Гаухар Қыдырғалиева, Нұрсұлу Сарсенғалиева, Бибинур Жұмағалиева, Светлана Жұмабаева, Әсемғаным Қойбақова, Мәлік Дәуешов, Жадыра Шәріпқалиева, Мөлдір Шалымбаева, Айнара Сүйнешова, Гүлнәр Есқалиева, шаруа қожалығына қатысты мәселе бойынша Нұрболат Жайсанғалиев, үй мәселесі бойынша Бақыт Жундушова, Жұлдыз Ғатауова сынды тұрғындар көмек сұрай келді. Қабылдауға аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов, Жәнібек ауылдық округінің әкімі Мұстахим Қабдысалиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Қайырлиев қатысып, әр сала бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале