21.11.2016, 10:38
Оқылды: 26

«Біздің тұңғыш Президентіміздің жеткен жетістіктері»

1-%d0%b6%d0%b5%d0%bb%d1%82%d0%be%d2%9b%d1%81%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d2%b1%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%88-%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d1%82-%d0%ba%d2%af%d0%bd%d1%96%d0%bd%d0%b5  Қазталов ауданы орталығындағы «Нұр Отанның» мәжіліс залында «Біздің тұңғыш Президентіміздің жеткен жетістіктері» атты конференция өтті.

Конференцияда Жастар ресурстық орталығының маманы Әліби Жангереев Елбасы туралы қысқаша мәлімет беріп, баяндамашыларға сөз кезегін ұсынды.


Ауылдық жастар жетекшісі Жүніс Жолдыбаев, аудандық кітапхананың әдіскері Гүлжан Базартаева, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің маманы Бағдәулет Әмір, кітапхана қызметкері Ботагөз Айтмағанбетова Елбасы туралы хабарлама жасаса, Қазталов орта мектебінің мұғалімі Абзал Есенғазиев Елбасы және ел Тәуелсіздігі туралы ойын ортаға салды. Сондай-ақ шарада Қазталов мектебінің оқушылары тәуелсіздік туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Конференцияда аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ғалия Ахметова мен еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсенов,- Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сындарды саясатының арқасында әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.

Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының  бергенінен  әлі де берері мол екеніне кәміл сенемін.Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!-деген пікірлерін білдірді.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале