3.11.2019, 17:21
Оқылды: 377

"Ақжайық" Бірінші Лиганың қола жүлдегері атанды (СУРЕТ)

 Бірінші Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің соңғы турын өз алаңында елордалық "Астана М" командасына қарсы өткізген "Ақжайық" қарсыластарын 5-1 есебімен жеңді.

IMG-20191103-WA0012-800x534

Толығымен ойын тізгінін бақылауында ұстаған оралдық ойыншылар матчтың 29-шы минутында есеп ашты. Гол авторы Мелло Джакомо. Ізін ала Ерболат Рүстемов есепті еселеді. Бірінші тайм орта белінен асқанда жергілікті футбол мектебінің түлегі Максим Литвинов есепті үште нөлге жеткізді. Осылайша бірінші таймды түйіндеген Авакянц шәкірттері екінші таймда да шабуылын тоқтатпай Мелло Джакомоның көмегімен есепті 4-0 жеткізді.

IMG-20191103-WA0026-800x533

Ірі есеппен жеңіліп жатса да жасымаған елордалық команда ойыншылары есеп айырмасын қысқартқанмен матчтың нүктесін Владимир Покатилов қойды. Қорытынды есеп 5-1. Ақжайықтың тікелей қарсыласы "Алтай" "Екібастұз" клубымен болған ойында ұпай жоғалтып, "Ақжайық" қола медаль еншіледі.

Енді Премьер Лигаға шығу үшін "Ақжайық" қосымша матч ойнайды.

Түгелбай Бисен

"Ақжайық" футбол клубының баспасөз хатшысы

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

IMG-20191103-WA0021-800x533 IMG-20191103-WA0023-800x533 IMG-20191103-WA0030-800x534 IMG-20191103-WA0010-800x534 IMG-20191103-WA0024-800x533 IMG-20191103-WA0031-800x534 IMG-20191103-WA0034-800x534 IMG-20191103-WA0015-800x534 IMG-20191103-WA0032-800x534 IMG-20191103-WA0033-800x534 IMG-20191103-WA0019-800x533 IMG-20191103-WA0027-800x533 IMG-20191103-WA0028-800x533 IMG-20191103-WA0035-800x534

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале