27.03.2017, 13:06
Оқылды: 21

Қаратөбе кәсіпкерлер филиалында - жаңа басшы

karatobe kasipkerr  Қаратөбе ауданында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлер кеңесінің жиыны өтті.


  Жиынға арнайы қатысқан БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин облыстық кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданы бойынша филиалының директоры болып тағайындалған Асхат Тойшыбаевты таныстырды.

  Кеңесте кәсіпкерлер палатасының Қаратөбе ауданы бойынша филиалының директоры қызметін атқарып келген Рысты Тойшыбаеваға зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты аталған саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат табысталды.

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале