17.10.2017, 17:18
Оқылды: 17

Сайқындықтар Бақытнұрды демеді

 

Бөкей Ордасы ауданында сегіз жасар Бақытнұрдың бүйрегі толық жетілмегені анықталып, анасы Сымбат Қапезованың бүйрегі оған трансплантация жасалғаны туралы жазған болатынбыз. Әрине, «бауыр еті баласы» үшін шыбын жаны шырқыраған ата-ана қиналасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Бұрын Мұратсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып жүрген Сымбат Қапезоваға ауыр жағдайдан соң дәрігерлер  жұмыс жасауға тыйым салған. Ай сайын Астанаға қаралып тұратын балақайдың жол қаражаты, ем-домы қалтаға соғатыны белгілі. Бақытнұрдың әкесі Руфат Хабиев, ата-әжесі, бауырлары қолдан келген көмектерін ұсынып жатқанымен, қаржының молынан керегі түсінікті. Осыны ескерген Сымбаттың бір кездегі әріптестері Сайқын тұрғындарына «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертін өткізді. Қайырымды жандардың қатарында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі мен демалыс орталығы қызметкерлері бар.

Концертте Миллат Насыровтың орындауындағы «Ана» әні әп дегеннен тыңдармандарын жып-жылы сезіммен баураса, Бақытнұр мен оның ата-анасы жайлы түсірілген бейнефильм көрермендерді бей-жай қалдырмады.

Сахнаға Бақытнұрдың анасы Сымбат көтеріліп, көмек қолын созып жатқандарға аналық алғысын жеткізді.

Гүлнәр ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале