19.10.2017, 17:42
Оқылды: 14

Жалпақталда жыл басынан бері 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді

avariaҚазталов ауданы Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сағат Ғаббасовтың айтуынша, өткен жылы 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 3 адам қаза тапқан. 2 жан дене жарақатын алған.

Ал биылғы жылы 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 8 адам жарақат алыпты. Былтырғыға қарағанда биыл бұл көрсеткіш төмендегенімен, апат айтып келмейтінін жадымыздан шығарып ала беретініміз өкінішті.

-Жалпақтал полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп жолда жүру ережесін бұзушыларды алдын алып, рейдтік жұмыстар атқаруда. Тоғыз ай ішінде жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 119 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның ішінде 15 жүргізуші маас күйінде көлік жүргізгендер,-дейді Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале