4.12.2020, 9:19
Оқылды: 106

Жарайсың, Айназым!

Жыл сайын ауылдық мектептердің 5,6-сынып оқушылары арасында 1000 дарынды баланы анықтауға, олардың құрдастарымен сәтті бәсекеге түсе отырып, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуына мүмкіндік беретін «Мың бала» ұлттық олимпиадасы ұйымдастырылады.

2DE2528F-EE3B-490A-99F7-164369DC4B3F

Жоба  2 кезеңге бөлініп, өткізіледі: сырттай және тікелей. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталған. Өткен оқу жылында болған аталмыш байқауда №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің оқушысы Айназым Самиғолла бақ сынап, жеңімпаз атанды. 6-сынып оқушысы А.Болатбекқызы ең жоғары нәтиже көрсетіп, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының дипломымен марапатталды. Сондай-ақ ол облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында білім алуға жолдама алды.

Өзі білім алған мектебінің, ұстаздарының мәртебесін асқақтата білген Айназымға «Жарайсың!» дей отырып, одан әрі биік белестерді бағындыра береріне сенеміз!

Ж.Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале