29.04.2021, 9:19
Оқылды: 8

Шетелдіктерге вакцина ақылы болады деген ақпарат дұрыс емес

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шетелдіктер Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны ақша төлеп салдыра алады деген ақпаратты жоққа шығарды.

в1

«БАҚ-та шетелдік азаматтардың вакцина салдыруына қатысты тарап кеткен қате ақпарат бойынша мынаны хабарлаймыз: бұған интернеттің нашарлауы себеп болды. Яғни, БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында әңгіме зертханаларда жасалатын ПТР-тесттің бағасы - 8025 теңге туралы болған. Зертханалар вакцина салумен айналыспайды. Сондықтан бұл вакцинаның бағасы деген қате ақпарат тарап кеткен», - деп хабарлады ведомствадан.

Сонымен қатар, департамент өкілдері Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация тегін жүргізілетінін мәлім етті. Сонымен қатар, вакцина салдыруға тұрғылықты мекенжайы бар, оның ішінде, шетел азаматтары еңбек мигранттары, босқындар мен қандастардың құқығы бар. Уақытша тұрып жатқан азаматтар вакцина салдыра алмайды.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале