Ресейлік "Спутник V" вакцинасы коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы тиімді. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.
Оның айтуынша, "Спутник V"-ның екі дозасынан кейін "антиген өзгерсе де, протективті иммуноглобулиндердің титрі жоғары" болады.
Tengrinews.kz