Қазіргі уақытта елімізде халықты індетке қарсы иммундау іс-шаралары 1051 пунктте жүргізілуде. Соның ішінде Қаратөбеде аудандық ауруханада 1 егілу пункті қарастырылып, арнайы адам саны жиналған уақытта ауылдық округтерге вакцина жасау үшін жылжымалы бригада бөлінді.
2021 жылғы 29 сәуірдегі мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинаның 1-ші дозасын 735 адам, оның ішінде медициналық қызметкерлері -160, мұғалімдер - 227, жергілікті полиция қызметкерлері - 14, студенттер -7, ТЖ (ЧС қызметкерлері - 14, мем.қызметкерлері -21, созылмалы аурулары бар - 62, басқа топтар (жұмыссыздар, пенсионерлер) - 230 адам алды.
2-ші дозасын 253 адам, оның ішінде медициналық қызметкерлері -111, мұғалімдер - 81, жергілікті полиция қызметкерлері - 8, студенттер -2, ТЖ (ТЖ қызметкерлері - 1, мем.қызметкерлер - 4, созылмалы аурулары бар - 14, басқа топтар (жұмыссыздар, пенсионерлер) - 32 адам алды.
Сондай - ақ ауданға 20 доза отандық "КazVak" вакцинасы келді. 1-ші дозасын 6 адам (медициналық қызметкер -2, жергілікті полиция қызметкері -2, басқа топтар -2) алды.
Вакцина алғандардың жағдайы қалыпты, асқынулар болған жоқ.
Құрметті жерлестер, барлығыңызды вакцина алуға шақырамыз. Қазақстан халқының 60%-дан астамы вакциналаумен қамтылса, ұжымдық иммунитет қалыптасады. Сәйкесінше, қоғамдағы вирус айналымы төмендейді, қалыпты өмір жағдайына оралу мүмкіндік береді.
Қаратөбе өңірі