13.05.2021, 9:25
Оқылды: 12

Норвегия «AstraZeneca» вакцинасын қолданудан бас тартты

Норвегия «AstraZeneca» компаниясы препаратын СOVID-19-ға қарсы халықты вакциналау бағдарламасынан толық алып тастады.

п

Вакцинаны қолдану оның жанама әсерлері болуы мүмкін деген күдікпен тоқтатылған. Вакцина алған адамдардың біразы, тромбоз жағдайларына байланысты ауруханаға жатқызылып, кейінірек қайтыс болған.

Препараттың қалған дозасы басқа елдерге берілуі мүмкін.

Сондай-ақ, Үкімет америкалық «Johnson & Johnson» (J&J) компаниясының «Janssen» препаратын пайдалануды тоқтата тұруды қолдаған. Бірақ оны препаратты өз еркімен алғысы келетіндерге ұсынады.

Елдің премьер-министрі Эрна Сульберг «Janssen» препаратына қатысты жеке шешім қабылданатынын түсіндірді. Өйткені Үкімет коронавирус өршіген жағдайда оны резервте ұстауды жоспарлап отыр.

Қазір Норвегия халқын вакциналау үшін «Pfizer/BioNTech» компаниясының препараты қолданылады. Мамырдың ортасында елде 1,1 миллионнан аса адам екпе салдырған.

Айта кетейік, Дания «AstraZeneca» вакцинасынан толық бас тартқан алғашқы ел. Наурызда Еуропаның бірнеше елі вакцинациядан кейін тромбоздың жиілеп кетуіне байланысты препаратты қолдануды тоқтатты. Содан кейін вакцинация Германия, Италия, Латвия, Исландия, Франция, Испания, Индонезия, Словения және басқа да бірқатар елде тоқтатылды. Алайда кейінірек елдерде вакцинация ЕМА және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынымы бойынша қайта басталған.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале