1.12.2016, 16:21
Оқылды: 87

Елбасы күнінде отау құрды

screenshot_2016-12-02-07-22-46-1Қазталов аудандық Мəдениет үйінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. 


Жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік алған 25 жылдағы айшықты белестерге тоқталды.

Мерекелік шарада аудан дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар марапатталса, мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады.

screenshot_2016-12-02-07-20-30-1Тағы бір қуанышты жайт - Елбасы күнінде шаңырақ көтерген жас отау иелері Ерғали Нәсім мен Гүлгүл Сәрсеноваға салтанатты түрде неке куәлігі табыс етілді.

Салтанатты шара Тұңғыш Президент күніне орайластырылған "Тәуелсіздікті жырлаймын" атты фестиваль аясындағы Қазталов орта жалпы білім беретін мектебі ұжымының концертіне ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале