Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр жақында Алматы қаласында өткен III Республикалық «Менің Қазақстаным» ән-би байқауының жеңімпазы «Қарлығаш» би ансамблін қабылдады.
Жерлес бишілерді қабылдаған аудан әкімі ел сенімін ақтағандары үшін ризашылығын жеткізіп, алғыс хаттар табыстады.
Сондай-ақ «Қарлығаш» би ансамблінің жетекшісі Ақмарал Ғабдуллина қаржылай қолдау көрсеткен аудандық мәслихат депутаты Жұмабек Хайруллинге алғысын білдірді.
Жұлдыз АСҚАР,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz