Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Фото: pixabay.com
Осы бастама аясында 16 маусымнан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен жаңа тұрақты рейстерді орындауды бастады. Осы жаңа бағыттың арқасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жалпы әуе рейстерінің саны аптасына 33-ке дейін ұлғайды.
Бұдан бөлек, аталған әуе компаниясы алдағы уақытта Ақтөбе – Баку бағыты бойынша аптасына 3 рет және Атырау – Баку бағыты бойынша аптасына 4 рет қатынайтын тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа әуе бағыттарының ашылуы Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі қарқынды дамуына септігін тигізбек.