Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, отандық төреші Татьяна Сорокопудова 27 маусым мен 10 шілде аралығында Босния және Герцеговинада өтетін қыздар арасындағы 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне бас төреші ретінде тағайындалды.

Фото: kff.kz
Еуропаның ең үздік жас футболшылары қатысатын осы турнирдің финалдық кезеңінде Италия, Англия, Франция, Колумбия, Словакия және Қазақстан атынан барлығы алты бас төреші қызмет атқарады.
Татьяна Сорокопудованың турнирдегі алғашқы кездесуі 28 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 17:00-де басталатын Аустрия мен Исландия құрамалары арасындағы матчта өтеді.