21.07.2026, 23:10
Оқылды: 61

Бәйтерек ауданы ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды

Бәйтерек ауданының актив жиналысында аудан әкімі Марат Тоқжанов ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Қуанышбек Мұқатаевты таныстырды.

image-21-07-26-11-01-2

Аудан әкімі халық пен билік арасындағы кері байланысты нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерге тоқталып, жаңа басшының тәжірибесі жұмысты ширатуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

image-21-07-26-11-01-3

1991 жылы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген Қуанышбек Мұқатаев – БҚИТУ-ды «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған жоғары білімді маман. Ол еңбек жолын БҚО ішкі істер департаментінде бастап, кейінгі жылдары Қазталов ауданында жастар жетекшісі, округ әкімі аппаратының бас маманы, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының бас инспекторы және бас инспектор-заңгер қызметтерін атқарған.

Сәнім Берік,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале