Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі – ұлт рухының өзегі» атты қазақ тілі апталығы басталды.

Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту және ана тілімізге деген құрметті дәріптеу.
Апталық аясында орталықтың қазақ тілі пәні оқытушылары Гүлжан Әмзебекқызы мен Жанар Хамидоллақызы ашық сабақтар өткізді.

Гүлжан Әмзебекқызы тыңдаушылармен «Танысу және күнделікті қарым-қатынас» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізіп, тұрмыста жиі қолданылатын сөздер мен тілдік оралымдарды меңгертуге басымдық берді.
Ал Жанар Хамидоллақызы «Отбасылық қаржы» сабағында отбасы бюджетін тиімді жоспарлау, қаржылық сауаттылықты арттыру және осы бағыттағы сөздік қорды дамыту бойынша мазмұнды жұмыс жүргізді.

Ашық сабақтарға мекеме басшысы Шынар Датқызы мен әріптестері қатысып, әдістемелік шеберлік пен сабақтардың барысына оң баға берді.