25.07.2026, 16:30
Оқылды: 141

Сайлауалды науқан: Партиялардың жұмысы жаңа қарқын алды

DKNews.kz сайтының мәліметінше, сайлауалды науқанның екінші күні саяси партиялардың жұмысы жаңа қарқын алып, басты назар штабтардың ашылуынан халықпен тікелей кездесулерге және өңірлердегі нақты мәселелерді талқылауға ауысты.

Баннер каз Құрылтай сайлау

Атап айтқанда, «Әділет» партиясы үгіт-насихатты Түркістан облысынан бастап, жергілікті тұрғындар мен зиялы қауым өкілдерімен жүздессе, ЖСДП Астанада журналистер мен саясаттанушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Өз кезегінде «Байтақ» жасылдар партиясы Астанадағы Триатлон паркінде 200-ден астам адамның қатысуымен экологиялық марафон ұйымдастырды. Сонымен қатар Қазақстанның Халық партиясы Павлодар облысындағы өнеркәсіп орындарының еңбек ұжымдарымен кездессе, «Ауыл» партиясы елордадағы «СтальЦинк» кәсіпорнында болып, жастар қанатының жұмысын пысықтады және тікелей эфир өткізді. Ал «Ақ жол» партиясы экономикалық саясат пен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы кездесулерін жалғастырса, Respublica партиясы Қарағанды облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, фермерлермен тілдесті.

Осылайша, сайлауалды науқанның екінші күні салтанатты іс-шаралардың орнын нақты өңірлік жұмыс, еңбек ұжымдарымен кездесулер мен ашық диалог басып озғанын көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале