28.07.2026, 23:00
Оқылды: 55

Қазақстанда 2029 жылға қарай коммуналдық желілердің тозуы 40%-ға азаяды

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың Үкімет отырысында мәлімдеуінше, Президент тапсырмасымен қабылданған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2029 жылға қарай еліміздегі желілік инфрақұрылымның тозуын орта есеппен 40%-ға дейін қысқарту жоспарланып отыр.

IMG_20260728_193926_314

Фото: KZgovernment

Осы кезеңде тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі 13 трлн теңгені құрайды. Бұл қаражаттың 6,8 трлн теңгесі коммуналдық секторға, ал 6,2 трлн теңгесі энергетика саласын дамытуға бағытталады.

​Бөлінген қаржы есебінен 84 мың шақырым желіні жөндеу және жаңғырту, 7 309 мегаватт қуатты іске қосу, сондай-ақ 27 энергия өндіру нысанын салу мен реконструкциялау көзделген. Жоба нәтижесінде нысандардағы апаттылық деңгейі 25%-ға азайып, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы табиғи монополиялардың 247 субъектісі қамтылады.

Сонымен қатар 2029 жылға қарай 70 коммуналдық кәсіпорынды тәуекелі жоғары дағдарыстық аймақтан шығару жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале