Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша есепті апта ішінде елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бірқатар түрі арзандады.

Осы аптада пияздың бағасы 4,8%-ға, ақ қауданды қырыққабат 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға, сәбіз 2,4%-ға және алма бағасы 1,1%-ға төмендеді.
Өңірлік кесіндіде бірқатар қалада дефляциялық динамика тіркелді.
ӘМАТ-тың жалпы баға деңгейі бір аптада Қонаевта 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетауда 0,2%-ға, ал Алматы, Қызылорда, Орал және Өскеменде 0,1%-ға арзандады. Ал Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында баға көрсеткіштері өткен аптаның деңгейінде сақталды.