29.08.2026, 9:00
Оқылды: 51

Орал мен бірқатар қалада азық-түлік бағасы төмендеді

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша есепті апта ішінде елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бірқатар түрі арзандады.

жп продукт (1)

​Осы аптада пияздың бағасы 4,8%-ға, ақ қауданды қырыққабат 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға, сәбіз 2,4%-ға және алма бағасы 1,1%-ға төмендеді.

​Өңірлік кесіндіде бірқатар қалада дефляциялық динамика тіркелді.

ӘМАТ-тың жалпы баға деңгейі бір аптада Қонаевта 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетауда 0,2%-ға, ал Алматы, Қызылорда, Орал және Өскеменде 0,1%-ға арзандады. Ал Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында баға көрсеткіштері өткен аптаның деңгейінде сақталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале