ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, осы жылдың 8 айында мемлекет еліміздің өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына 418,7 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

Бұл қаражат кәсіпорындардың өндірісті жаңғырту және еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындарының 40-тан 50%-ға дейінгі бөлігін өтеуге бағытталған. Қолдауға машина жасау, металлургия, АӨК, жеңіл, химия, фармацевтика және ағаш өңдеу салаларының компаниялары ие болды.
Қаржының негізгі бөлігі (416,1 млн теңге) технологиялық жабдықтар сатып алуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және персоналды оқытуға жұмсалған. Өтінімдердің басым бөлігі Шымкент, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан түсті.
Бұдан бөлек, QazIndustry арқылы өнімді нарықта ілгерілету, халықаралық сертификаттау және таңбалау шығындары үшін 2,5 млн теңгеден астам қаражат өтелді.
Сондай-ақ министрлік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізді: енді отандық басым тауарларды ел ішінде теміржолмен тасымалдау шығынының жартысы өтеледі, ал халықаралық сертификаттауға берілетін өтемақы мөлшері 5 есеге ұлғайтылып, 15 000 АЕК-ке дейін жеткізілді.