30.08.2026, 17:30
Оқылды: 4

Қазақстандық «Қаһар» моноспектаклі Коломбодағы халықаралық театр фестивалінде үздік деп танылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен XII Colombo International Theatre Festival халықаралық театр фестивалінде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры екі бірдей жүлдені иеленді.

InShot_20260830_153406196

Фото: madenietaqparat

​Өнер додасында режиссер Дина Жұмабаева қойған, Жан Ануйдың шығармасы негізіндегі «Қаһар» моноспектаклі «Үздік спектакль» аталымын жеңіп алды. Ал басты рөлді сомдаған Аида Жантілеуова «Үздік актриса» жүлдесіне ие болды.

АҚШ, Канада, Италия, Польша және өзге де елдердің ұжымдары бақ сынаған беделді фестивальде отандық ұжым жоғары бағаланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале