ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен XII Colombo International Theatre Festival халықаралық театр фестивалінде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры екі бірдей жүлдені иеленді.

Фото: madenietaqparat
Өнер додасында режиссер Дина Жұмабаева қойған, Жан Ануйдың шығармасы негізіндегі «Қаһар» моноспектаклі «Үздік спектакль» аталымын жеңіп алды. Ал басты рөлді сомдаған Аида Жантілеуова «Үздік актриса» жүлдесіне ие болды.
АҚШ, Канада, Италия, Польша және өзге де елдердің ұжымдары бақ сынаған беделді фестивальде отандық ұжым жоғары бағаланды.