31.08.2026, 11:15
Оқылды: 11

Ғалымдар анардың жүрекке ықтимал пайдасын анықтады

Анар, грек жаңғағы және кейбір жидектерді тұтынғаннан кейін ағзада түзілетін уролитин А қосылысы жүрек жұмысына оң әсер етуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

a lot of ripe red pomegranates with a cut off top, close-up background, space for an inscription. High quality photo

Сурет: istockphoto.com

Мұндай қорытындыға Лондон корольдік колледжінің ғалымдары келген.

 Зерттеушілер уролитин А-ның жүректің шығару фракциясы сақталған жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі ықпалын зерттеген. Бұл жағдайда жүрек қанды айдау қабілетін сақтайды, алайда қатайып, босаңсуы қиындай түседі. Жүрек жеткіліксіздігінің шамамен жартысы осы түрге жатады.

Жануарларға жүргізілген тәжірибелерде уролитин А жүрек жұмысының кейбір көрсеткіштерін 80 пайызға дейін жақсартқаны байқалған.

Сонымен қатар бұл қосылыс жүрек бұлшықетінің жақсырақ босаңсуына ықпал етіп, тыртық тінінің түзілуін азайтқан және жүрек бұлшықетінің шамадан тыс ұлғаюының алдын алған.

Ғалымдар оң әсерді зертханада жасалған адам жүрек тінінің үлгілерінен де байқаған.

Алайда зерттеушілер асығыс қорытынды жасауға болмайтынын ескертеді. Әзірге бұл зерттеу анар жеу жүрек жеткіліксіздігін емдей алатынын дәлелдемейді.

Қазіргі нәтижелер жануарларға жүргізілген тәжірибелер мен зертханада жасалған адам тіндеріне негізделген. Уролитин А-ның тиімділігі мен қауіпсіздігін нақтылау үшін адамдардың қатысуымен клиникалық зерттеулер қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале