5.09.2026, 14:30
Оқылды: 92

Қазталов ауданында «Ділмар» шешендік өнер сыныбы ашылды

Қазталов ауданында оқушылардың шешендік қабілетін дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Ділмар» шешендік өнер үйірмесіне арналған арнайы сынып ашылды.

image-05-09-26-10-39_edit_200310950734055

​Шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, клубтың негізін қалаушы Жарқын Сәленұлы, педагогтар мен арнайы қонақтар қатысты. Нысанның лентасын Жарқын Сәленұлы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мирболат Айекеұлы қиды.

Жиын аясында «Сөзден қалған із» тақырыбында сыр-сұхбат өтіп, оқушылар көкейдегі сауалдарын қойды.

image-05-09-26-10-39-2_edit_200295228431769

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов жаңа бастамаға қолдау білдіріп, республикалық үйірменің ауылда бөлімшесін ашуға септігін тигізген Жарқын Сәленұлына алғысын жеткізді.

Жайна Қабиболла, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале