Кәміл дінде әйгіленген парыздың бірі – зекет. Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы «Арыстан ата» мешітіне Ораза айт құрметіне Салтанат Нұрғалиев, Серік Құспанов, Марат Танатов, Кәкімжан Сембаев және Алмалы ауылынан Жұмақұл Аманғалиев берген 5 қойдың еті табысы аз 22 отбасына үлестірілді. Имандылық қорына тайпақтық Дәметкен Жұмалиева, Нұрлан Сүндетбаев, Жандос Серікқалиев, Боранбай Ермеков және Орынбасар Кәрімов ақшалай қомақты үлестерін қосты.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Ақжайық ауданы