5.11.2026, 16:00
Оқылды: 3

Президент Жолдауын жүзеге асыру міндеттері талқыланды

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыруға арналған өңір активінің отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев төрағалық етті.

886730521_1118752270891771_3336635236768716697_n

Облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов аграрлық саладағы нәтижелерді баяндады. Биыл өнім көлемі 281,6 млрд теңгеге жетіп, 5,4%-ға өсті. 605 мың тонна астық жиналып, рекорд жаңарды. Басымдық – өнімді терең өңдеу және су үнемдеу технологияларын дамыту.

863142415_1407017814933519_2551722834309154000_n

Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов тоғыз айда 539,5 млрд теңге инвестиция тартылғанын жеткізді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістер ашу міндеттері қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев әлеуметтік жобаларды таныстырды. Оралда 1500 орындық мектеп, екі білім-инновация лицейі, 600 орындық арнайы мектеп салу жоспарланған. Төрт мектепке қосымша оқу корпустары салынып, 2199 орын ашылады. Жаңа музей, архив және «Жайық қалашығы» визит-орталығы қажет.

888139408_1096442203154587_84349549230953736_n

Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз түрлі салаға цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу жұмыстарын баяндады.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нүркен Молдашев 645 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарын жеткізді. 12 мың орындық стадион, Ақжайық ауданында екі спорт кешені жоспарланған. Төрт медициналық нысанның құрылысы басталды.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Қуанышалиев Жайық арқылы жаңа көпір, айналма жол және шекара бекеттерін жаңғырту жобаларын таныстырды.

886794438_1841808327239962_5815381334648252556_n

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Бейімбет Мусин 2029 жылға дейін инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға 361,5 млрд теңге бағытталатынын жеткізді.

886770102_1169412675743739_5257962371394931243_n

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылуда. Біз осы қарқыннан түспеуіміз керек. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Оларды абыроймен орындау өңір экономикасының дамуына мүмкіндік береді. Ең басты мақсат – халықтың тұрмыс сапасын арттыру, – деді Нариман Төреғалиев.

Аймақ басшысы жиын соңында жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар берді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале