16.11.2026, 19:03
Оқылды: 22

Елімізде электр станцияларын жөндеуге бөлінген қаржы 384 миллиард теңгеге жетті

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдауы барысында айтылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

IMG_20261116_190230_104

Фото: aqorda_resmi

Кездесу барысында Президентке отын-энергетика кешенін дамытудың биылғы он айдағы негізгі нәтижелері, жылыту маусымының өту барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы жан-жақты есеп берілді.

​Мемлекет басшысына елімізде электр станцияларын жөндеуге арналған қаржы 384 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылып, қатерлі «қызыл аймақтағы» станциялардың саны беске дейін қысқарғаны баяндалды. Сондай-ақ жиында мұнай өңдеу көлемінің 4,7 пайызға өскені, халықты газбен қамтамасыз ету деңгейі жыл соңына дейін 64,5 пайызға жететіні және Қашаған мен Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы жүріп жатқаны атап өтілді.

Кездесу соңында Президент халықты энергиямен және жылумен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ нарықтағы баға тұрақтылығын қатаң бақылауда ұстау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале