16.11.2026, 22:15
Оқылды: 0

Бөкейордалық балақай республикалық медиа фестивальде I орын иеленді

​Астана қаласында өткен «1000 мақал – 1000 бала» республикалық медиа фестивалі аясындағы мақал-мәтелдер турнирінде Бөкей ордасы ауданы М.-С. Бабажанов атындағы мектеп-гимназияның 1-сынып оқушысы Ер-Мұхаммед Асқар бірінші орынды жеңіп алды.

InShot_20261116_230753257

«Келешек кемеңгер» республикалық медиа жобасы аясында ұйымдастырылған ауқымды сайыс өскелең ұрпақтың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналды.

Жас өнерпаздың бұл жетістігі – оның білімге деген құштарлығы мен тынымсыз ізденісінің жемісі.

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале