2 маусымда сағат күндізгі 11-12 шамасында Қазталов ауданы Әжібай ауылына қарасты "Мәрәлі" қыстағының жанында заңсыз киік ұстаған Әжібай ауылының Ж. деген тұрғыны ұсталды.
Тексеру кезінде Volkswagen Passat автокөлігінің ішінен аңшылық қару, мүйізі кесілген 1 бас киіктің төшкесі және мүйіз табылып, тәркіленді.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бап, 4-бөлімі (Заңсыз аңшылық) негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Мөлдір ӘНУАРБЕК
Қазталов ауданы
(сурет ғаламтордан алынды)
zhaikpress.kz