Қазталов ауданында мектеп бітіруші түлектердің «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иелеріне арналған мерекелік шара өтті. Биыл аудан бойынша мектеп бітірген түлектердің 19-ы «Алтын белгі» мен 12-сі «Үздік аттестат» иесі атанып отыр.
Мерекелік шарада аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр 11 жыл бойы мектепті үздік оқып, білім бәйгесінде жоғары көрсеткіш көрсеткен түлектерді құттықтады. Сондай-ақ озат түлектердің ата-аналарын алғыс хатпен марапаттады.
Шарада «Алтын белгі» иегерлеріне Хаби Жақып атындағы қордың мүшесі Мұрадым Тілепов өз лебізін жеткізіп, естелік кітап пен қор атынан 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады.
Сонымен қатар үлкен өмірге қадам басқалы отырған жас түлектерге тәлім-тәрбие берген мектеп директорлары да алғыс хаттармен марапатталды.
Мөлдір ӘНУАРБЕК,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz