31.07.2017, 17:53
Оқылды: 74

Дала тышқаны неге көбейіп кетті?  

 

Биыл дала тышқаны көбейіп, тіпті ауылдарға кіруі Ақжайық ауданының біраз жерінен байқалып отыр.


Дала тышқаны баспаналарда байқалатын өзінің «ағайынына» ұқсас. Ал оның биыл неге көбейіп кеткенін әркім әртүрлі болжайды.

Ақжайық ауданының 11 ауылдық округ әкімдерінен түскен тапсырыс және төлем жөнінде кепілдікхат бойынша облыс орталығынан залалсыздандыру орталығының мамандары аудандағы өкілдерімен бірге бүгінде жұмыс үстінде. Базартөбе, Базаршолан, Қарауылтөбе, Есенсай, Құрайлысай ауылдық округтеріндегі үй-жайлар, әлеуметтік нысандар умен қамтылуда.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале