Ақжайық ауданында «Тәртіпсіздік және құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» атты 3 күндік жедел алдын алу іс-шарасы өтті.
Оның барысында 96 құқықбұзушылық анықталды. Мысалы, жанұя тыныштығын бұзғандарға 4 хаттама, арақ ішкен күйінде қоғамдық орында болғандарға 18 хаттама, тыныштықты бұзғаны үшін 5 хаттама толтырылды.
– Соның ішінен 12 әкімшілік іс шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды, басқаларына ескертулер берілді және айыппұл салынды,-дейді Ақжайық АІІБ-нің басшысының орынбасары, полиция капитаны Бейімбет Ермеков.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы